КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
23.02.2012  
23 ақпанда Қазақстанның батысында қар жауып, қарлы бұрқасын болады, ал қалған аумақта аяз күшейеді деп күтілуде - Қазгидромет Тараздың қаңғыбас иттері 700 тұрғынды қапты ҚР ИЖТМ жұмыс тобы Өскемендегі актив жиналысында Елбасы Жолдауын жүзеге асыру міндеттерін талқылайды Талдықорғанда жер сілкінді Марат Тәжин АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қорғаныс министрігінің жоғары лауазымды шенеуніктерімен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады Қытайдан ау сатып алуға болмайды Атырауда мас жүргізуші жолда тұрған көлікті қиратып, 2 адамды басып кетті ШҰҒЫЛ: Қарағандыда 3 адамды өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды ШҰҒЫЛ: Жаңаөзенде болған тәртіпсіздік әрекеттерінің 7 ұйымдастырушысы мен 36 белсендісі ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылуда - Бас прокуратура Қазақстан Қырғызстанның Ош қаласында жаңа мектеп салады Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында екі өткізу бекеті ашылады Сенат төрағасы Қ.Мәми бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Венаға жүріп кетті

 
26 Қаңтар 2012, 09:15
Жапония премьер-министрі дипломатиялық қатынастар орнатылғанына 20 жыл толуына орай Елбасына құттықтау жолдады
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапония мен Қазақстаннның арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына орай Күншығыс елінің премьер-министрі Ёсихико Нода ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хат жолдады, деп хабарлады Жапонияның ҚР-дағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 26 қаңтарда орнатылған болатын. ҚазАқпарат хаттың мәтінін жариялайды.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,

Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына орай менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз!

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің  елдеріміз арасында ең жақсы қатынастар орнады. Бұған өткен жылғы наурызда Жапонияың шығысында болған жойқын жер сілкінісі кезінде Жоғары Мәртебелі Сіздің атыңыздан және көптеген басқа да қазақстандықтардан жылы шырайлы көңіл айту және қолдау естіп, сондай-ақ көмек алуымыз дәлел. Мүмкіндікті пайдалана отырып, тағы да өзімнің алғысымды білдіргім келеді.

Экономикалық өсімі қарқынды үдей түсіп отырған Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңызы барған сайын арта түсуде.  Бұдан басқа, Сіз зор маңыз беріп отырған  «Ядролық қарусыз әлем үшін» бастамасын жүзеге асыру жөніндегі күш-жігеріңіз соғыс кезінде ядролық бомбалаудан зардап шеккен бірден-бір мемлекет - Жапония халқының мақұлдау пікіріне ие болып отыр. Өз кезегінде мен Жоғары Мәртебелі Сізбен осы бастаманы жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттімін.

Дипломатиялық қатынастар орнатылуының 20 жылдығы Қазақстанмен және қазақстан халқымен қатынастарды одан әрі дамытып, тереңдетуге серпін болады деген үмітімді білдіргім келеді.

Сізбен «Орталық Азия+Жапония» диалогы ауқымындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, әртүрлі салаларда одан әрі белсенді өзара іс-қимыл мүмкіндігін асыға күтемін.

Шын көңілден Сізге мықты денсаулық және жемісті қызмет және Сіздің халқыңызға бақыт тілеймін», - делінген хатта.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 

Пікір білдірілген мақалалар





© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.